2021 жылғы 15 қаңтарда Қамысты аудандық мәслихаты жетінші шақырылымының кезекті бірінші сессиясы болды.

2021 жылғы 15 қаңтарда Қамысты аудандық мәслихаты  жетінші шақырылымының кезекті бірінші сессиясы болды.

 

Сессияны аудандық сайлау комиссиясының төрайымы  Макаева А.К. ашып және сессия төрағасын тағайындағанға дейін жүргізді. Депутаттарға омырауға тағатын белгілер мен депутат куәліктері тапсырылды.

         Сессияда 8 мәселе қарастырылды, барлық мәселелер бойынша шешімі бір дауыстан қабылданды.

Мәслихат сессиясының негізгі мәселелері:

  • Қамысты аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;
  • Қамысты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.

Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы болып Кстаубаева Сауле Мукатовна сайланды.

Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиялары құрылып және оның төрағалары сайланған:

  1. Бюджет және экономика, әлеуметтік саланы дамыту, жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі төрайымы -Куламбаева Айкун Сандыбековна.
  2. Заңдылық, құқтық тәртіп, жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды және аграрлық өнідірісті дамыту жөніндегі төраға- Алиев Мурат Абдряшитович.