Қамысты ауданының әкімі Ғ.Е. Бекмұхамедовтың қорытынды есеп беру кездесуін өткізу туралы

Қамысты ауданының әкімі Ғ.Е. Бекмұхамедовтың қорытынды есеп беру кездесуін өткізу туралы

Елбасының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 11 қантарда сағат 11.30-да Аудандық мәдениет үйінде Қамысты ауданының әкімі Ғ.Е.Бекмұхамедовтың халық алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.

Аудан әкімінің қорытынды есеп беру кездесуін өткізуге байланысты аудандық әкімдіктің ғимаратында жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары туралы, сондай-ақ аудан елді мекендерінің тіршілігіндегі бар проблемалар туралы ұсыныстар, шағымдар мен үндеулерін жинау үшін жәшік орнатылған.