Темекі өнімдерін сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін

Темекі өнімдерін сатуды жүзеге асыратын  салық төлеушілер үшін

2020 жылғы 1 қазаннан бастап цифрлық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңі шеңберінде темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес ол міндетті түрде таңбалануға жатады.

Бұл нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге және халықты көбінесе арзан, бірақ денсаулыққа қауіпті контрафактілік жалған өнімдерден қорғауға мүмкіндік береді.

Таңбалау - бұл өнім туралы арнайы шифрланған белгі, онда өндіруші туралы ақпарат, сериялық нөмір және бұзудан қорғау коды бар. Бұл өнімнің шынайы өндірушісінен сапа кепілдігін, сәйкесінше тұтынушының денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өнімге белгі DataMatrix коды түрінде қойылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі                                  № 568 қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесі және міндетті таңбалауды енгізу мерзімдері айқындалды.

Осылайша, «құрамында темекі бар өзге де сигареталар» (СЭҚ ТН коды 2402209000) тауары 2020 жылғы 1 қазаннан бастап таңбалануға жатады.

Бұдан басқа, қаулыда 2020 жылғы 1 қазаннан бастап өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері бөлшек саудада өткізу кезінде таңбаланған сигареттерді айналымнан шығаруды (яғни сатуды) DataMatrix-кодты оқуға арналған 2D-сканерді пайдалана отырып жүзеге асыра алатындығы көрсетілген.

2020 жылдың  1 қазанынан бастап темекіні таңбалаудың негізгі талаптары мыналарды қамтиды:

1)     Темекі өндірушілер мен импорттаушылар DataMatrix кодтарымен белгіленген темекіні өндіруге және импорттауға міндетті;

2)     DataMatrix - кодтармен таңбаланған сигареттерді бөлшек саудада өткізу кезінде айналымнан шығару (яғни өткізу) DataMatrix-кодты оқуға арналған 2D - сканерді пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте ФДО (Онлайн-БКМ) шартымен бақылау-касса машинасының болуы қажет);

3)     2D-канерлер онлайн-БКМ қосылады;

4)     Жұмыс барысында (сату кезінде) сатушы тауардың DataMatrix таңбалау кодын сканерлейді, касса (онлайн-БКМ) чекті қалыптастырады және сонымен бірге ақпаратты фискалдық деректер операторына (ФДО) береді. Өз кезегінде ФДО тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіне ақпарат жібереді, онда тауарды сату және айналымнан шығару фактісі тіркеледі.

            Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін, Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау бойынша ұлттық оператор («Қазақтелеком» АҚ) нарықта сатылатын сканерлерді сынап көрді және сигареттерді таңбалаумен жұмыста пайдалану үшін қолайлы құралдарды іріктеп алды. Олармен  https://www.ismet.kz/ru/main/equipment-scanners  сілтеме арқылы танысуға болады.

            Балама ретінде смартфонға жүктеуге және орнатуға болатын таңбалау бойынша тегін мобильді қосымшаны енгізу жоспарлануда.

    Таңбалау бойынша барлық жаңалықтар мен ақпарат (түсіндірме мақалалар мен видео) орналастырылған:

Сайт - https://markirova.ismet.kz

Телеграм - https://t.me/markirovkaKZ

Инстаграм - https://www.instagram.com/markirovka.kz

Анықтама телефоны 8 (800) 080 65 65

Байланыс орталығының электронды мекенжайы –  mark@ismet.kz