Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 27 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 77 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 37 адам, Рудный қ. – 9, Қостанай ауданында – 9, Лисаковск қ. – 8, Әулиекөл ауданында – 5, Меңдіқара ауданында – 3, Денисов ауданында – 2, Арқалық қ. – 1, Жітіқара ауданында – 1, Қарабалық ауданында – 1, Ұзынкөл ауданында – 1.
66 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 4 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 3 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 55 адамда ауру белгілері болды, 22 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 27 қараша аралығында COVID-19-дың 5128 жағдайы тіркелді, 3856 адам емделіп шықты.