Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (бұдан әрі - ҮИЖ) - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

ҮИЖ-ге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

Қазіргі уақытта Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі-бұйрық) бекітілген.

ҮИЖ кәсіпкерлік қызметтің барлық объектілері бойынша бірыңғай есепке алуды жүргізу мақсатында ҮИЖ басқа компоненттерінің кез келген санымен сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесін (бақылау-касса машиналарының, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелердің (құрылғылардың) мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының) интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген ҮИЖ модельдері ҮИЖ бірыңғай тізіліміне енгізілуге жатады және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланды.

Осы мақсатта ҮИЖ иесі тестілеу үшін өтініш, талаптармен белгіленген құжаттар мен ҮИЖ тапсыруы тиіс.

Өз кезегінде ҮИЖ пайдаланушысы (патент негізінде немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын дара кәсіпкер)                  ҮИЖ пайдаланушының орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ есепке қоюға және олар бойынша деректерді салық есептілігінде көрсетуге міндетті.

Салық кодексінің жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын жеке кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша есепке қою үшін ұлғайтылған шектерді және оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін шекті кірістерді қолдануға құқылы емес екеніне назар аударамыз.



            Қамысты ауданы бойынша

МКБ басшысы                                                                              Ермұхамедов Е.Т.