Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат
2020 жылғы 26 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың                          75 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5 % құрады. 
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 34 адам, Рудный қ. – 17, Лисаковск қ. –  5, Меңдіқара ауданында – 4, Қарасу ауданында – 3, Қостанай ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 2, Б. Майлин атындағы ауданда – 2, Жітіқара ауданында – 2,  Денисов ауданында – 1, Қамысты ауданында – 1, Сарыкөл ауданында – 1.
53 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 8 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 49 адамда ауру белгілері болды, 26 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 26 қараша аралығында COVID-19-дың  5051 жағдайы  тіркелді, 3796 адам емделіп шықты.