Мемлекеттік қызметтерді алу

Мемлекеттік қызметтерді алу

Ақпараттық жүйелерде қамтылған Дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және Мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) операциялық залдың қызметкері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады; 2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан курьер арқылы 2 (екі) сағат ішінде қабылданған құжаттар