
5) кадастрлық (бағалау) құн-мемлекет жер учаскесін немесе оған жалдау құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі және оларға түзету коэффициенттері туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептік құны; 6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі-жеке кабинет)-жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдас бөлігі, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану; 7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтерді қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе