Көрсетілетін қызметті беруші: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары. Қызмет көрсету тәсілі: "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы. Қызмет көрсету мерзімі: 4 жұмыс күні. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). Қызмет көрсету нәтижесі: жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Төлем мөлшері: тегін. Жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).