Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде сағат 10.00 де
Камысты ауылының аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту, халықтың экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Сенбілік аясында көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шараға аудан тұрғындары, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, еріктілер мен жастар қатысуға шақырылады. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында туған өлкемізді таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз.