Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым бағыты
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Негізгі мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі шаралары
Заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына мыналар жатады:
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауға, қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуге және ықтимал мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Әкімдіктердің рөлі
Әкімдіктер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізеді, оның ішінде:
Халықпен өзара іс-қимылға, «еститін мемлекет» қағидаттарын дамытуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударылады.
Жауапкершілік және азаматтық ұстаным
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең маңызды элементтерінің бірі – белсенді азаматтық ұстаным және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Тек заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын сақтау арқылы ғана тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізіп, азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыруға болады.