
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында сағат 15:00-де Қамысты ауданының әдеп жөніндегі уәкілі «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме өткізді.
Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, ойын және бәс тігуге қатысудың кері әсері айтылды.