
5-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту; 6) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервке қою; 7) осы Кодекстің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерін беру және алып қою; 8) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан жерлерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;