
1-1) облыстың жергілікті өкілді органына аудандық маңызы бар қалалардың қала маңы аймақтарының шекараларын бекітуге ұсыну; 1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, ол туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу; 2) жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін; бірлескен барлау және өндіру бойынша; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша), магистральдық құбырларды, мұнай және газды қайта өңдеу объектілерін салу (реконструкциялау) бойынша жер учаскелерін беру, сондай-ақ жер пайдалы қазбалар кен орындарын табу және игеру кезінде, магистральдық құбырлар салу үшін мемлекеттік қажеттіліктерге арналған учаскелер; 3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау трассаларына жер учаскелерін беру; 4) жер учаскелерін пайдалануға рұқсаттар беру