
4) бастапқы жер пайдаланушылар-жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 32-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықты иеліктен шығару тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алынған адамдар; 4-1) бағалау аймақтарының шекарасы - инфрақұрылымды дамыту деңгейіне байланысты мемлекет беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері белгіленетін елді мекендер аумағының бір бөлігінің шекарасы; 4-2) бағбандық-көпжылдық ағаш-бұта екпелерін қоспағанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін жер учаскесінде жүзеге асырылатын қызмет түрі;