Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру.