Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін, жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақының мөлшерін және мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жеке сервитут белгілегені үшін төлемақының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді. Бұл ретте жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері жер салығы мөлшерлемелерінің мөлшерінен төмен емес белгіленеді.