Жер заңнамасының принциптері

Жер заңнамасының принциптері

  Қазақстан Республикасының жер заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; 2) Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; 3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану; 4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) жерді нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдығы; 7) жердің жай-күйі және оның қолжетімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жерді пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау; 9) Жерге зиян келтірудің алдын алу немесе оның салдарын жою; 10) жерді пайдаланудың ақылы болуы.