
Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарда көзделген қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруге немесе ұзартуға құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тартуды "ХҚКО" ААЖ-ға жібереді.
Өтінішті қарау оң нәтиже берген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру немесе ұзарту осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ШЖК" ААЖ-дан "ХҚКО" ААЖ-ға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне "электрондық үкімет" веб-порталында не порталда жіберу арқылы жүзеге асырылады migration.enbek.kz көрсетілетін қызметті алушының өтініші қай жүйе арқылы жіберілгеніне байланысты.