
Ерлан Карин Мемлекет басшысын Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының аралық нәтижелері туралы хабардар етті. Мәселен, "Парламенттік реформа" арнайы бөлімі іске қосылған күннен бастап E-Otinish мемлекеттік платформасында және Egov сервисінде 500-ге жуық ұсыныс алынды. Азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан келіп түсетін ұсыныстар мен бастамаларды жинақтау және талдау жұмыстары жалғасуда. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының өткен отырыстарында бір палаталы Парламенттің болашағын қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын іске асыру мәселелері талқыланды. 2026 жылғы 9 қаңтарға жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу жоспарланған, онда қалған бағыттар бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралады. Сондай ақ мемлекеттік кеңесші Президентке желтоқсан айында ұлттың жұмыс секцияларының отырыстарының қорытындылары туралы баяндады