Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылар тізімдерін жасайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ, ол қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.

Егер сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, Сіз дауыс беру күні дауыс беру үшін уақытша тұрған жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға 30 күн қалғанда, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей) сол сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар.

Сайлаушылардың тізіміне қосуға және алып тастауға, сондай-ақ, сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді нақтылау үшін Сіз Call орталықтың 8 (71437) 2-18-42, 8 (71437) 2-16-82 телефондары бойынша хабарласа аласыз.