
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) негізгі талаптар тізбесінде көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы көрсетілетін қызметті берушіге, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы жүгінеді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге.