
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын беру кезінде:
Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
көрсетілетін қызметті берушіде-мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
порталда-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.