
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының дайын құжаттарын беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмағандықтан мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай бойы Мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге талап етілмеген ретінде ҚАЙТАРЫЛАДЫ. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау кезінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттар пакеті қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.