
Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтарға да қолданылады.