
Осы міндетті жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, қандай іс-әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және оларды жасағаны үшін салынатын жаза түрлерін, сондай-ақ қандай әкімшілік жаза, қандай Мемлекеттік орган (лауазымды адам) және қандай тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылуы мүмкін екенін айқындайды.