Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жақын арадағы жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты), өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрамның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.