
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қабылданғаны туралы қол хат беріледі.
Қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес тіркеуші органға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.