
Мемлекеттік қызметті көрсету тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.