Квота туралы ақпарат

Квота туралы ақпарат

Қазіргі уақытта мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету «Мүгедек тұлғалардың 2020 – 2021 жылдарға арналған экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау» жобалық кеңсесі іске асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаңа күн тәртібі шеңберінде негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалған.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Қамысты ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы қабылданды. Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері жұмыс орындары санының 2% - дан 4% - ға дейінгі мөлшерінде белгіленген (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде).

Квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.