"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс

  1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) жалпы конкурс;

      2) ішкі конкурс.

      1-1. Бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу уәкілетті орган айқындайтын конкурс өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.