Мемлекеттік саяси қызметке кіру
- Азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік саяси лауазымға орналасу Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда осы лауазымға орналасу үшін қажетті келісуден өткен және арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік саяси лауазымға орналасуға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптары болған жағдайда, оларға сай болуға тиіс.
Тағайындау (сайлау) алдындағы бір жыл ішінде тікелей бағынысты қызметшісі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін отставкаға кеткен мемлекеттік саяси қызметшіні мемлекеттік саяси лауазымға тағайындауға (сайлауға) жол берілмейді.
- Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындауы мүмкін.
- Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.