Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

2025 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті мен Қостанай облысы әкімінің аппараты «Әдеп, есеп беру, ашықтық және құқықтық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаттары негізінде кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» дөңгелек үстелі форматында семинар өткізді.

Модераторі – Гүлмира Амангелдіқызы Капенова Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі.

Мақсаты: Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әдеп жөніндегі уәкілдері атқарған іс-шаралардың тиімділігін талқылау және бағалау.

Қатысушылар: ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері (онлайн-формат), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының әдеп жөніндегі уәкілдері, ММ басшылары, сарапшылар.

Спикерлер қоғамда құқықтық мәдениеттің және тәртіп денгейін жоғарлау  позитивті тенденция елде соңғы жылдары байқалатының атап өтті.

Қазақстан "Ашық, халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының манызды элементі болып табылатын заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді өткізуде.

2025 жылғы 1 сәуәр күні Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерлету жөніндегі  2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.      

Ағымдағы жылда 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілді. Мемлекеттік қызметшінің жаңа моделін, «міңсіз беделді» қалыптастыру қажеттілігі анықталды.

Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Міртайұлы Сандыбаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Гүлнара Қуанышқызы Шагирова, мемлекеттік органдардың алдында тұрған тұжырымдамалық міндеттерді, мәселелер мен шешу жолдарын белгіледі.

Спикерлердің пікірінше, мемлекеттік қызметшілер азаматтар үшін үлгі болып, Заң идеологиясына ұстаушылығын көрсетуге міндетті.

Барлық деңгейдегі басшылар бағынысты ұжымдардағы заң тәртібі сақталуына жеке жауапкершілігін мойындау тиіс.  

Мемлекеттік  органдарда мансаптық өсу барысында парасатты және білікті кадрларға басымдық берілуі тиіс (меритократия қағидаты). Осылайша, мемлекеттік мекемелер заңдылық мәдениетін тасымалдаушыға айналады.

2025 жылда мемлекеттік қызметшілер тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтарға жасалған мониторинг нәтижелері талқыланды.

Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сүйіндіков Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2025 жылдың  1-жартыжылдығында қызметінің нәтижелері туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Батырхан Евгеньевич Успанов мемлекеттік мекемелердің қызметтік автокөлігін тиімсіз пайдалану және әкімшілік құқық бұзушылдықтардың динамикасы туралы баяндама жасады.

Жол жүру саласында әкімшілік бұзушылықтарға әсер ететін факторлар мен себептер. Жол жүру ережелерін сақтау профилактикасы туралы Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы  Е.Алтаев сөз сөйледі.

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Елена Валерьевна Кашарина азаматтық қоғам тарапынан мемлекеттік аппарат қызметін бағалау, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы, «кері байланыс» каналдарының жұмысы, конструктивтік сынға және жергілікті қоғамдастықтың, халықтың, бастамашыл  топтар және салалық қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына жедел қимылдау туралы пікірімен бөлісті.

Қаржы, мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Б.Көлбаев сөйледі.

Кездесу нәтижесінде құқық бұзушылықтар деңгейін төмендету, мемлекеттік мекемелерде жүйелі профилактикалық жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Сюндиков