
Жергілікті атқарушы орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып Жергілікті атқарушы органның жауапты адамы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты адамы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысының болуы немесе оның туындау мүмкіндігі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес реттеледі.