Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде олардың құнын өтеу шарттарымен мүгедектер үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттық технологиялар объектісі;

2) проактивті қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

3) курорттық емдеу – адамдардың санаторий-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайында жүзеге асырылатын медициналық оңалтудың түрі;

4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.