«Мүгедектерді және мүгедек балаларды курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі"

«Мүгедектерді және мүгедек балаларды курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі"

Мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері, не мүгедектің атынан санаториялық-курорттық емдеуге арналған құжаттарды беру құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) мүгедектің тұрғылықты жері бойынша қоса берілген құжаттармен өтініш береді:


1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір).

Проактивті сервис арқылы өтініш беру кезінде өтініш беру талап етілмейді.