Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қалалық әкімшіліктердің, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қалалық әкімшіліктердің, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қалалық әкімшіліктердің, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау:


1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің басшыларына беріледі.

2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жолданады.

Қалалық әкімдікке, жұмыспен қамту бөліміне және Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағым Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы No 4 бұйрығымен бекітілген тәртіппен «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – «Электрондық өтініштер» ААО) тіркелуге жатады.
Шағымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.