Қамысты ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды

Қамысты ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды

Мұнай өнімдері бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 462-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда акцизделетін тауарлар тізбесі енгізілген газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын қосылды. Осыған байланысты назарларыңызға мыналарды жеткіземіз.

  1. Газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулардың қоспаларына, экологиялық отынға акциздерді есептеуге қатысты.

Салық кодексінің 461-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес акциздерді төлеушілер жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады, олар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығарады;

2) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайды;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асырады.

Салық кодексінің 462-бабының 5)-тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын акцизделетін тауарлар болып табылады.

Салық кодексінің 464-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада сату акциз салу объектісі болып табылады.

Осылайша, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулардың қоспаларына,экологиялық отынға, оның ішінде көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын төлеушілерге акциздерді есептеу жүктеледі.

2.Кеме отынын, пеш отынын, нафтаны және еріткіштерге салық салуға қатысты

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын акцизделетін тауарлар болып табылады.

Осыған байланысты, кеме отыны, пеш отыны, нафта және еріткіштер акцизделетін тауарларға жатпайды және оларға акциз салығы салынбайды.

  1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 3100-2710 19 4800 кодтарымен дизель отынына салық салуға қатысты.

ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 тауар позициясына құрамында 0,05 мас.%-дан аспайтын күкірт бар:

- - - - - - - дизель отыны:

- - - - - - - - 2710 19 421 0 жазғы

- - - - - - - - 2710 19 422 0 қысқы

- - - - - - - - 2710 19 423 0 арктика

- - - - - - - - 2710 19 424 0 маусымаралық

- - - - - - - - 2710 19 425 0 басқа

- - - - - - - 2710 19 426 0 жабық тигельдегі тұтану температурасы 61 0С-тан төмен емес кеме отыны

- - - - - - - 2710 19 429 0 өзгелері

- - - - - - 2710 19 460 0 құрамында 0,05 мас %-дан астам күкірт бар, бірақ 0,2 мас.%

- - - - - - 2710 19 480 0 құрамында 0,2 мас % астам күкірт бар тауарлар жатады.

ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 460 0 тауар кіші қосалқы позициясына «құрамында күкірт 0,05 мас.%, бірақ 0,2 мас.%» тауар жатады. Дизель отыны түріне қарай ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 421 0 – 271019 425 0 тауарлық кіші қосалқы позицияларда жіктеледі.

Бұл ретте, «Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысында көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының диапазоны 2710 19 310 0 - 2710 19 480 0 тек дизель отынына қатысты.

  1. Есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру және пин-кодтарды беру

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар есепке алатын бақылау аспаптары  (бұдан әрі - ЕАБА) деп түсініледі.

Заңның 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Заңның 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес бензин, авиация және дизель отыны, мазут мұнай өнімдері болып табылады.

Осылайша, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын Заңмен реттелмейді, тиісінше олар бойынша есепке алатын бақылау аспаптарын орнату және пин-кодтарды беру талап етілмейді.

  1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге қатысты.

«Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығы сәйкес тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі бекітілген,оның ішінде мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын Заңмен реттеледі.

Бұл ретте газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын Заңмен реттелмейді, тиісінше мұндай тауарлар бойынша тауарларға арналған іліспе жүк құжаттарын ресімдеу талап етілмейді.

  1. «Акциздік маркалар» терминін «сәйкестендіру құралдарына» ауыстыруға қатысты.

Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, 172 және 394-баптарына, 464-бабының 2-тармағына, 465-бабының 6-тармағына, 469-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына, 480-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді.

Салық кодексіне осы өзгерістер 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдеріне цифрлық таңбалаудың енгізілуіне байланысты енгізілді, осыған байланысты «акциздік таңбалар» термині Салық кодексінің барлық редакциясы бойынша «сәйкестендіру құралдары» терминіне ауыстырылды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                        1-бабы 31) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру құралы-штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты сәйкестендірудің өзге құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей реттілігі.

  1. «Шарап материалы» және «сыра және сыра сусыны» деген сөздерді «толысылған шарап» және «сыра қайнату өнімдері» деген сөздермен ауыстыруға қатысты

Салық кодексінің 172 және 394, 463-баптарына, 467-бабының 1 және                2-тармақтарына, 475-бабының 4-тармағына, 554-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламентіне (ЕАЭО 047/2018 ТР) сәйкес келтіру мақсатында енгізілді.

  1. Өндірушілердің акцизді кейін төлеуіне қатысты

Салық кодексінің 172-бабына, 475-бабының 4-тармағына және                         4-1-тармағына акциз төлеудің екі тәсілін, алкоголь өнімін өндірушілер үшін – есепке алу-бақылау маркаларын (ЕБМ) алғанға дейін немесе Салық кодексінің 172-бабына (2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) сәйкес ЕБМ-ны нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған кезде оны жөнелту күні төлеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  1. Шарап пен басқа да алкогольдік сусындарға акциз мөлшерлемелеріне қатысты

«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 22 тобына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 2205 кодына «Вермут және өсімдік немесе хош иісті заттар қосылған басқа да табиғи жүзім шараптары» позициясының атауы, ал ЕАЭО СЭҚ ТН 2206 00 кодына - «Басқа ашытылған сусындар (мысалы, сидр, алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалары және ашытылған сусындар мен алкогольсіз сусындардың қоспалары» жатады.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 5-тармағына сәйкес толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.

Бұл ретте Заңның 5-бабы 4-тармағында этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, тікелей немесе екi мәрте айдау жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын алкоголь өнімі толысылған шарап (шарап материалы) болып табылатыны белгiленген.

Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 7-жолына сәйкес алкоголь өніміне (коньяк, бренди, шарап, толысылған шарап, сыра қайнату өнімдерінен басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2205, 2206 00 және 2208-ден) 2550 теңге/литр мөлшерінде 100 % спирт акциз мөлшерлемесі айқындалған.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 9-жолына сәйкес шарапқа (ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2204-тен) 35 теңге/литр мөлшерінде акциз мөлшерлемесі айқындалған.

Бұл ретте этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған алкоголь өнімі шарап болуы мүмкін.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде өсімдік немесе хош иісті заттар қосылған вермут пен басқа да шараптарға, сондай-ақ басқа ашытылған сусындарға (сидр, алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); ашытылған сусындардан жасалған қоспаларға және ашытылған сусындардың қоспаларына 100% спирттің литріне 2550 теңге мөлшерлемесі бойынша салық салынады, ал табиғи шараптарға, оның ішінде жеміс шараптарына 35 теңге/литр мөлшерлеме бойынша салық салынады.