«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу 🚗 және жолдағы жүріс-тұрыс мәдениетін арттыру 🚸 мақсатында профилактикалық флешмоб 🚦 ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдағы жауапкершілікті ⚠️, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың 📋 және қозғалыс кезінде мұқият болудың 👀 маңыздылығын еске салу.
Флешмоб барысында келесі мазмұндағы көрнекі үндеулер көрсетілді:
— «Сені үйде күтіп отыр 🏠»
— «Жылдамдықты сақтаңыз 🚧»
— «Жылдамдықты төмендет – өмірді сақта ❤️»
Бұл үндеулер жол қозғалысына қатысушылардың саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.