
Автомобиль өткізу пункттері жыл соңына дейін 100% жаңғыртылады – Қазақстандағы үдерістерді жеңілдетеді және шекарадағы бақылауды күшейтеді
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту барысы қаралды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндағандай, инфрақұрылымды жаңарту тұрақты логистика мен кедергісіз сыртқы сауда ағынын қамтамасыз етудің негізгі элементі болып саналады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.