Әділдік принципі

- Әкімшілік істі қарау кезінде әкімшілік орган, лауазымды адам және сот объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге олардың құқықтарын іске асыру үшін тең мүмкіндік пен жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
- Егер заңда немесе дау тараптарының келісімінде соттың тиісті мәселелерді шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық критерийлеріне сүйене отырып шешуге міндетті.