Сенім құқығын қорғау

- Әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне деген сенімі Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
- Әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше белгілегенге дейін заңды және негізделген болып есептеледі.
- Әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ Әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды.
- Сенім құқығы заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға негіз бола алмайды.