
Әкімшілік орган, лауазымды тұлға
1) өтініштерді қабылдайды және тіркейді, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, ресми қателерді жоюға және қоса беріліп отырған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді;
2) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
4) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар етеді;
5) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдайды;
6) әкімшілік актіні осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізеді;
7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тартады;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсетеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.