Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібі.

Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібі.

Тұрғынжай алу үшін өтініш беруші уәкілетті органның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      3) неке қию (бұзу), балалардың тууы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері;

      4) соттың басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы шешімі (бар болған жағдайда);

      5) өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат.