Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 4-тармаққа сәйкес, өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама;
2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
6. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері Заңның 72-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген.