Мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою үшін өтініш берушілер уәкілетті органның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
3) неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмелері;
4) соттың басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы шешімі (бар болған жағдайда);
5) өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат.