Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары

Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары

Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жалдауға беруші – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғынжайды жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

      2) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;

      3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғынжайлар;

      4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарамағындағы тұрғынжайлар;

      5) өтініш беруші – мемлекеттік мекемелермен немесе мемлекеттік кәсіпорындармен еңбек қатынастары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;

      6) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғынжай бірлігі (дара тұрғынжай, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғынжай);

      7) уәкілетті орган - мемлекеттік мекеменің не мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай қоюды және беруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме не мемлекеттік кәсіпорын.