2025 жылғы 30 мамырда Қамысты ауданы әкімдігінің ғимаратында "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Өтініш білдірген адамдарға, мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіби заңгерлермен бірлесіп, оларды қызықтырған мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес берді:
- тұрғын үй көмегін алу;
- жер учаскелерін жеке меншікке ресімдеу;
- оқуға әлеуметтік көмек алу;
- Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- жылжымайтын мүлікті сыйға тарту шарттарын ресімдеу;
- мұраны ресімдеу;
- кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік етуге қорғаншылық органдарының келісімін беру;
- шағын және орта бизнесті (ШОБ)қолдау бағдарламаларына қатысу;
- гранттық қаржыландыруды алу және басқа да мәселелер.