Ардагерлерді Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтау

Ардагерлерді Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Қостанай қаласының барлық ардагерлері Отан қорғаушылар күні және келе жатқан Жеңіс күні мерекелерімен құттықтадық. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құттықтау хаттар мен мерейтойлық медальдар табысталды.

Бүгінде Қостанай қаласында жеті соғыс ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен 5 миллион теңгеден бір реттік төлем жасалды. Биыл үш ардагеріміз 100 жасқа толады.

Ардагерлер бізді көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, алғыстарын білдіріп, Қостанай қаласының тұрғындарына бейбіт өмір, амандық және молшылық тіледі.

Барша қостанайлықтарды ұлы мерекелермен шын жүректен құттықтаймыз!