2025 жылғы 1 наурыздан бастап сумен жабдықтау және су бұру бойынша жаңа тарифтер туралы

2025 жылғы 1 наурыздан бастап сумен жабдықтау және су бұру бойынша жаңа тарифтер туралы

2025 жылғы 1 наурыздан бастап Қостанай қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 32-НҚ бұйрығына сәйкес «Қостанай-Су» МКК белгілеген сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру қызметтеріне жаңартылған тарифтер қолданысқа енгізілді.

 Сумен жабдықтау (ауыз су) тарифтері, ҚҚС есебімен, теңге/м³:

  • Халық: 114,13
  • Жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындар: 157,62
  • Басқа тұтынушылар: 517,79
  • Бюджеттік ұйымдар: 1 706,26

 Сарқынды суларды бұру және тазарту тарифтері, ҚҚС есебімен, теңге/м³:

  • Халық: 110,25
  • Басқа тұтынушылар: 337,66
  • Бюджеттік ұйымдар: 982,64

 Халық үшін 1 м³ судың (сумен жабдықтау + су бұру) жалпы құны ҚҚС есебімен 224,38 теңгені құрайды.

Халық үшін сараланған тариф

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халық үшін суды үнемдеп пайдалануға ынталандыратын сараланған тариф қолданылады:

  • бір адамға айына 3 м³ дейін: базалық тариф — 114,13 тг/м³
  • 3-тен 5 м³ дейін: коэффициент 1,2136,95 тг/м³
  • 5-тен 10 м³ дейін: коэффициент 1,5171,19 тг/м³
  • 10 м³ жоғары: коэффициент 2,0228,26 тг/м³

Төлемді дұрыс есептеу үшін «Қостанай-Су» МКК абоненттік бөлімінде тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген адамдардың санын салыстырып тексеру ұсынылады.